Қорғастың коммерциялық көлік экспорты өткен жылмен салыстырғанда 128%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 маусым
Қорғастың коммерциялық көлік экспорты өткен жылмен салыстырғанда 128%-ға өсті

28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Маусымның 23-і күні кешке Қорғас автожол шекарасы арқылы 149 коммерциялық көлік елден шығып, Қазақстанға бет алды. Қорғас автомобиль импорты және экспорты қауымдастығының статистикасы бойынша, биылғы жылы Қорғас автожол шекарасы арқылы экспортталған коммерциялық көліктер саны 20100-ге жетіп, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 128%-ға артқан.

Биылғы жылы Қорғас автожол шекарасы арқылы экспортталған коммерциялық көлік саны өткен жылдан алты ай бұрын 20 мыңнан асты. Орташа тәуліктік экспорт шамамен 120 коммерциялық көлікке жетті. Коммерциялық көліктер Қазақстанға, Өзбекстанға, Ресейге және «Бір белдеу, бір жол» бойындағы басқа да елдерге экспортталады. Бұл көліктер негізінен Хэнань, Шэньси және басқа қалаларда құрастырылады. Ал экспорттық көліктердің түрлеріне жүк көтергіштер, жеңіл автокөліктер, самосвалдар және екінші пайдаланылған жаңа энергия көліктері жатады.

Қытайдың өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуымен отандық көліктер сапалы әрі үнемді болып, шетелдік тұтынушылардың сұранысына ие болды. Соңғы жылдары коммерциялық көліктердің экспорт көлемі жылдам өсіп, Қорғас шекарасы экспортындағы жаңа тасымал түріне айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото