Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы: оқшаулау және бақылау уақыты 7+3-ке дейін қысқартылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 маусым

29 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік кеңестің бірлескен алдын алу және бақылау туралы 28 маусым түстен кейінгі баспасөз мәслихатында Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының ауруларды бақылау және алдын алу бюросы директорының орынбасары Лэй Чжэнлун: «Алдын алу және бақылау нұсқаулығының тоғызыншы басылымы жұғымдалу күдігі бар жандарды оқшаулау, бақылау кезеңі мен әдісін оңтайландырады және реттейді», - деді. Шекарадан кіргендерді оқшаулау және бақылау уақыты «14 күн орталықтандырылған оқшаулау медициналық бақылауы + 7 күн үйдегі денсаулық мониторингінен» «7 күн орталықтандырылған оқшаулау медициналық бақылауы + 3 күн үйдегі денсаулық мониторингіне» дейін түзетілді. Бақылау аймақтарын және орташа-жоғары қауіпті аймақтарды белгілеудің стандарттары бірыңғай етілді. Індетке қарсы бақылауға қойылатын талаптар толықтырылды. Лэй Чжэнлун алдын алу және бақылау жоспарының тоғызыншы шығарылымы алдын алу және бақылау шараларын оңтайландыру және түзету болатынын, алдын алу мен бақылауды жеңілдету емес екенін баса айтты. Бұл өзгеріс анағұрлым жоғары, стандартталған, нақты талап бойынша індеттің алдын алу мен бақылау және әлеуметтік экономиканың дамуын үйлестіру болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото