Ли Чжаньшу Қазақстан республикасы Парламент мәжілісінің төрағасымен келіссөздер жүргізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 маусым

29 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік халық құрылтайы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу 28 маусым күні Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында Қазақстан Парламенті мәжілісінің төрағасы Е.Қошановпен бейнеконференция өткізді.

Ли Чжаньшу: «Екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен және тікелей ілгерілетуімен Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасы үздіксіз серпінді дамуға қол жеткізіп, тұрақты әрі жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа биігіне жетті. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары кезінде Қытай Төрағасы Си Цзиньпин ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен кездесу өткізіп, жаңа дәуірдегі екі ел қарым-қатынастарын дамытудың бағытын белгіледі. Биыл Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Қытай тарапы екі мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды консенсусты жүзеге асыру, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан достықты одан әрі сабақтастыру, ынтымақтастықты берік ілгерілету және Қытай-Қазақстан қатынастары дамуының тағы бір алтын 30 жылына бірге жету үшін Қазақстан тарапымен күш біріктіруге дайын»,-деді.

Ли Чжаньшу Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастарын дамытуда ең маңыздысы саяси өзара сенімді үздіксіз арттырып, бір-бірінің өзекті мүдделері мен негізгі мәселелерін шешуде өзара қолдауды арттыру екенін атап көрсетті. Қытай Қазақстанның ұлттық әлеуетіне сай даму жолын таңдауын қолдайды. Екі жақ халықаралық үйлестіруді жалғастырып, екі елдің қауіпсіздігі мен даму мүдделерін бірге қорғап, халықаралық қауымдастықтың әділеттілігін сақтауы керек. Қытай Қазақстанның халықаралық және аймақтық істерде анағұрлым сындарлы шешімге қол жеткізуін, Қазақстанның АӨСШК алтыншы саммитін сәтті өткізуін қолдайды. Тағы да ШЫҰ-ның салауатты және тұрақты даму жолында бірлесіп әрекет жасаймыз деп күтеді.

Ли Чжаньшу Қытай мен Қазақстан арасындағы «Бір белдеу, бір жол» бірлескен жобасы нәтижелі болғанын айтты. Эпидемияға қарсы күресте екі елдің прагматикалық ынтымақтастығы төзімділік танытты. Екі тарап алдағы уақытта да «Бір белдеу, бір жол» жоғары сапалы бірлескен жобасына баса назар аударып, ынтымақтастық әлеуетін пайдаланады деп күтетінін жеткізді. Төраға Си Цзиньпин жақында Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогта Жаһандық даму бастамасын жүзеге асыру бойынша бірқатар маңызды шараларды жариялады. Қазақстанның Жаһандық даму мен қауіпсіздік бастамасын белсенді түрде қолдауын Қытай тарапы жоғары бағалады. Қытай Қазақстанды қамтыған халықаралық қауымдастықпен бірге жоғары деңгейдегі диалогтың нәтижелерін жүзеге асыру үшін бірге жұмыс істеуді асыға күтеді.

Ли Чжаньшу сөзін сабақтап, Қытай мемлекеттік халық құрылтайы Қазақстан парламентімен ұзақ уақыт бойы достық қарым-қатынаста болғанын баса айтты. Екі жақтың заң шығарушы ұйымдары пікір алмасу мен өзара үйренуді нығайтып, тиісті нормативтік-құқықтық құжаттарды уақытында қайта қарап, толықтырып, практикалық ынтымақтастық үшін әділ, ашық және тең құқықтық ортаны қамтамасыз етіп, көпжақты парламенттік қатынас ұйымдарын үйлестіруді күшейтсек деген үмітін білдірді. Тағы да Қытай мен Қазақстанның заң шығарушы ұйымдары арасындағы алмасуға жастарды белсенді түрде шақырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын достықтың іргетасын нығайтып отыру керектігін жеткізді.

Е.Қошанов екі мемлекет басшыларының тікелей басшылығымен Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік жаңа дамуға қол жеткізіп келе жатқанын айтты. «Қытай Коммунистік партиясының басшылығымен Қытай экономикалық және әлеуметтік дамуда тамаша жетістіктерге жетті. Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының толық табысқа жетуіне тілектеспін. Қазақстандық тарап Төраға Си Цзиньпин ұсынған жаһандық даму мен жаһандық қауіпсіздік бастамасына жоғары баға берді және Қытай тарапымен «Бір белдеу, бір жол» жобасын ілгерілетуге, Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты дамудың күн тәртібі бағдарламасын жүзеге асыруды бірлесіп дамытуға дайын. Қазақстан Парламенті Қытайдың мемлекеттік халық құрылтайымен диалогті нығайтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге және екі ел арасындағы достықты нығайтуға үлес қосуға ниетті».

Келіссөздерге Бүкілқытайлық халық құрылтайы тұрақты комитетінің төрағасының орынбасары Цао Цзяньмин қатысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото