2020 жылы Қытайда 18-44 жас аралығындағы ерлер мен әйелдердің орташа бойы сәйкесінше 169,7 см және 158,0 см болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 маусым
2020 жылы Қытайда 18-44 жас аралығындағы ерлер мен әйелдердің орташа бойы сәйкесінше 169,7 см және 158,0 см болды

29 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 27 маусым күні Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы Қытай Коммунистік партиясының 18-інші құрылтайынан кейінгі азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтану және денсаулық саласындағы жұмыстардың дамуы мен жетістіктерін таныстыру үшін, «Бәрі де халық денсаулығы үшін - біздің он жыл» тақырыбында бірқатар баспасөз конференцияларын өткізді.

Жиында Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының Азық-түлік қауіпсіздігі стандарттары мен тексеру және бағалау департаментінің директоры Лю Цзиньфэн былай деді: «Тексеру нәтижелері Қытай тұрғындарының тамақтану және денсаулық жағдайының жақсарғанын, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтың бірте-бірте азайғанын көрсетті. 2020 жылы елімізде 18-44 жас аралығындағы тұрғындардың бойы 2015 жылмен салыстырғанда ерлердікі 169,7 см, әйелдердікі 158,0 см болып, сәйкесінше 1,2 см және 0,8 см өскен. 6 жасқа дейінгі ауыл балалары арасындағы кешігіп бой өсу деңгейі 2015 жылғы 11,3%-дан 5,8%-ға төмендеді. Жан басына шаққандағы тәуліктік ас тұзын тұтыну 9,3 граммды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 1,2 граммға азайды. Салмақ, қан қысымы, қандағы қант және қан липидтері сияқты денсаулық көрсеткіштерін үнемі қадағалайтын тұрғындардың үлесі айтарлықтай өсті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото