Шыңжаң 102 арнайы туристік пойызды іске қосуды жоспарлап отыр

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 маусым

29 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 27 маусым күні Үрімжіден Көктоғайға «Жаңа Шығыс» жүрдек пойызы жолға шықты. Бұл ағымдағы жылдың 9 маусымындағы бірінші «Жаңа Шығыс» жүрдек пойызынан кейінгі екінші пойыз, оған 160-тан астам жолаушы мінген. Жол маршруты - Шыңжаңның солтүстігі мен оңтүстігін 12 күнде аралау. Пойыз негізінен Көктоғай, Бейтунь, Құлжа, Тұрпан, Күшәр, Қашқар т.б жерлерден өтеді. Жол бойында Көктоғай, Қанас, Сайрам көлі, Нарат сахарасы сынды Шыңжаңның солтүстігі мен оңтүстігіндегі 10-нан астам 5А-деңгейлі саяхат аумақтары бар.

«Жасымыз егделесе де еліміздің тамаша жерлерін көргіміз келеді. Бұл пойыздың кабинасы қонақүйдегідей жайлы екен. Мұнда Шыңжаңның әсем табиғатын тамашалауға арналған үлкен терезелер бар. Бұл біз үшін өте тамаша саяхат болды», - дейді Хубэйден достарымен бірге сапарлай келген жасы 70-тің үстіндегі турист.

Қытай темір жолы Үрімжі бюросы тобының жаңартылған 18 «Жаңа Шығыс» алтын және көк гауһар тас вагондары «жылжымалы жұлдызды қонақүйлер» іспетті. «Солтүстік Шыңжаңның табиғаты мен оңтүстік Шыңжаңның тұрмыс-тіршілігі Қытайдың ішкі өлкелерінен келген туристер үшін өте тартымды. Бұрынғыдан айырмашылығы, алтын гауһар және көк гауһар тас бөлмелері екі кісілік кереует, жеке ванна бөлмесімен жабдықталған. Вагон іші өте жайлы. Бұл Қытайдың ішкі өлкелерінен келген туристердің Шыңжаңға саяхаттауының ең жоғары санаты болып табылады», - дейді Beijing Ocean Times халықаралық туристік агенттігінің бас менеджері Ли Шуан. 

Мәліметтерге сәйкес, Шыңжаңдағы туризмді ілгерілетуде туристік арнаулы пойыздардың рөлін жақсырақ атқару үшін биылғы жылы бірқатар туристік арнайы пойыз бағыттары іске қосылды. Олар Үрімжі-Ақсу-Қашқар-Хотан-Чарқылық-Корла шөлді айналма теміржол желісінен 11 күндік туристік маршруты, шілдеден қыркүйекке дейін «Солтүстік-Оңтүстік Шыңжаңды айналатын» туристік пойызының 12 күндік маршруты, шілдеден қыркүйекке дейін Солтүстік Шыңжаңдағы Алтай мен Ілені негіз еткен «Солтүстік Шыңжаңды аралайтын» арнайы туристік пойыз, сонымен қатар, «Жаңа Шығыс» жүрдек пойыздары, Шыңжаңға көмектесудің арнайы туризм пойыздары, мереке-мейрамдарға арналған арнайы пойыздар сияқты пойыздарды қамтиды. Шыңжаң теміржол туризмін дамыту тобының Шыңжаңға 250 миллион турист келу мақсатын белсенді түрде жебеу үшін 2022 жылы 102 арнайы туристік пойыз ашуды жоспарлап отырғаны хабарланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото