Жүзуден әлем чемпионатында Қытай спортшылары суға секіруден бір күнде қос алтын еншіледі

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 маусым
Жүзуден әлем чемпионатында Қытай спортшылары суға секіруден бір күнде қос алтын еншіледі

29 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақытымен бүгін таңертең 2022 жылғы жүзуден әлем чемпионаты Венгрия астанасы Будапештте суға секіру бойынша үшінші жарыс күні аяқталды. Қытайлық ойыншылар ерлер арасында үш метрлік трамплиннен секіруде және 10 метрлік платформалық жұп сайысында абсолютті басымдықпен алтын медальдарды жеңіп алды. Сонымен қатар, ерлер арасында үш метрлік трамплиннен секіру жарысының екінші орнын да қанжығасына байлады. Қазірге дейін Қытай құрамасы осы жолғы жүзу бойынша әлем чемпионатында суға секірудің төрт түрінен де алтын медаль жеңіп алды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото