Такламакан шөлін кесіп өтетін үшінші тасжол ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 маусым

30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 30 маусымда Лопнұр-Чершен шөл тасжолы ресми түрде көлік қозғалысы үшін ашылды. Бұл Такламакан шөлі арқылы өтетін үшінші тас жол. Такламакан шөлі «Өлім теңізі» деп аталатын әлемдегі екінші ең үлкен көшпелі құмды шөл. Шөл далада су, электр қуаты және дабыл жоқ, тіпті өсімдіктер, аң-құстар да мүлдем болмайды.

Лопнұр-Чершен шөл тасжолы Лопнұр мен Чершен аудандарын байланыстыратын, жалпы ұзындығы шамамен 333 шақырымнан, оның ішінде шөлді жол бөлігі шамамен 300 шақырымнан тұратын тасжол. Қозғалыс ашылғаннан кейін Чершен ауданынан Корла қаласына дейінгі қашықтық 280 шақырымға қысқарып, жүру уақыты 12 сағаттан 6 сағатқа азайды.

Лопнұр-Чершен шөл тасжолы сонымен қатар жылжымалы құм төбелері ең кең таралған, құрылыс жағдайлары аса нашар және жол салу жағдайы күрделі шөлді тасжол болып табылады. Бұл шөл тасжолы өтетін аумақта 30-дан астам биік құмды төбешіктер бар. Олардың ең биігі 100 метрден асып, 30 қабатты ғимараттың биіктігіне тең келеді. Сонымен бірге осы төбелердің арасында ең үлкенінің ұзындығы 12 шақырымды құрайтын 30-ға жуық ойпаттар бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото