- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин: «Сянганды отан сүйетіндер басқарады» тұжырымын сөзсіз орындау керек
1 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық Әскери кеңестің төрағасы Си Цзиньпин 1 шілде күні Сянганда: «Бір ел, екі жүйенің» Сянгандағы бай практикасы бізге көптеген бағалы бастама мен терең шабыт сыйлады. Жиырма бес жылдық тәжірибе «бір ел, екі жүйе» жобасының практикалық заңдылықтарын терең түсініп, нақты ұғыну арқылы ғана, «бір ел, екі жүйе» ісінің дұрыс бағытта алға басуын қамтамасыз етуге болатынын айтты.
Біріншіден, «бір ел, екі жүйе» саясаты толық және нақты жүзеге асырылуы тиіс.
Екіншіден, біз орталық үкіметтің жалпы басқару билігі мен арнайы әкімшілік регионның жоғары автономиясы билігін кепілдендірудің біртұтастығын ұстануымыз керек.
Үшіншіден, «Сянганды отан сүйетіндер басқарады» дегенді сөзсіз жүзеге асыру керек.
Төртіншіден, Сянганның бірегей ұстанымы мен артықшылықтары сақталуы керек.
Төраға Си Цзиньпин «Орталық үкімет заманауи социалистік елді жан-жақты құру және Қытай Ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асырудың тарихи процесінде Сянган міндетті түрде елеулі үлес қосатынына сенетіндігін» атап көрсетті.
people.cn © People's Daily Online