«Си Цзиньпиннің ел басқару жөнінде» атты кітабының төртінші томы қытай және ағылшын тілдерінде жарық көрді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 шілде
«Си Цзиньпиннің ел басқару жөнінде» атты кітабының төртінші томы қытай және ағылшын тілдерінде жарық көрді

4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Си Цзиньпиннің ел басқару жөнінде» атты кітабының төртінші томын Шетел тілдері баспасы қытай және ағылшын тілдерінде басып шығарды. Кітап ел ішінде және шетелде таратылады.

«Си Цзиньпиннің ел басқару жөнінде» кітабының төртінші томында Бас хатшы Си Цзиньпиннің 2020 жылдың 3 ақпанынан 2022 жылдың 10 мамыры аралығындағы 21 тақырыпқа топтастырылған 109 баяндамасы, сөйлеген сөздері, нұсқаулары мен құттықтау хаттары қамтылған. Кітапқа 2020 жылдың қаңтарынан бергі бас хатшы Си Цзиньпиннің 45 суреті енген.

«Си Цзиньпиннің ел басқару жөнінде» еңбегінің жарық көрген алғашқы үш томы партияның жаңашыл теорияларын насихаттауда, халықтың күресі мен тәжірибесін жігерлендіріп, Қытайдың озық бейнесін көрсетуде маңызды рөл атқарды.

Бас хатшы Си Цзиньпин екі жылдан астам уақыттан бері партияға басшылық ету мен халық жағдайымен санасып, жаңа жағдай ашқан сындарлы тәжірибесінде, партия мен мемлекет істерінің дамуына қатысты маңызды теориялар мен нақтылы мәселелерге терең ойлы, жаңаша ғылыми пайымдаулар жүргізді. Сөйтіп ел басқарудың бірқатар өзіндік танымдарын, жаңа идеялары мен стратегиялық басымдықтарды ұсынды.

«Си Цзиньпиннің ел басқару жөнінде» төртінші томын басып шығару және тарату партия мүшелеріне, кадрларға және бұқараға Си Цзиньпиннің жаңа дәуірде қытай үлгісіндегі социализм туралы ой-пікірін терең зерттеп-үйреніп, жүзеге асыруына ықпал етеді. Сонымен қатар, халықаралық қауымдастықтың осы маңызды идеяның ең жаңа жетістіктерін түсінуіне көмектесіп, Қытайдың даму бағытын, басқару механизмін және ұстанымдарын тіпті де терең тануда зор маңызға ие.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото