Қорғас шекарасы жарты жылда Қытай-Еуропа кезекші пойыздарының саны мен тауар көлемі жағынан екі есе көрсеткішке қол жеткізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 шілде
Қорғас шекарасы жарты жылда Қытай-Еуропа кезекші пойыздарының саны мен тауар көлемі жағынан екі есе көрсеткішке қол жеткізді

4 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қорғас теміржол шекарасының статистикасына сәйкес, 30 маусымдағы жағдай бойынша, биылғы жылы Қорғас шекарасы арқылы 3181 Қытай-Еуропа пойызы өткен. Оның саны өткен жылмен салыстырғанда 9,31%-ға артып, жүк көлемі 4,4892 миллион тоннаны құрап, былтырмен салыстырғанда 4,73%-ға жоғарылады. Бұл індет кезінде де трендке қарсы өсудің даму әлеуетін көрсетіп, жаһандық өнеркәсіптік жүйе тұрақтылығына енген Қытай күшінің басымдығын дәлелдеді.

Биылғы жылдың басынан бері Қорғас теміржол шекарасында Қытай-Еуропа бағытындағы 8 жаңа пойыз желісі ашылды. Қазіргі уақытта Қытай-Еуропа кезекші пойыздарының Қорғас шекарасы арқылы өтетін 60-тан астам негізгі бағыты 18 ел мен аймаққа қатынап, тауар түрлері 200-ден астамға жетіп үлгерді. Сөйтіп, Қорғас шекарасы халықаралық логистикалық қатынастың жердегі тасымалы үшін «алтын арнаға» айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото