Алғашқы алты айда ұлттық теміржол 1 миллиард 946 миллион тонна жүк жөнелтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 шілде
Алғашқы алты айда ұлттық теміржол 1 миллиард 946 миллион тонна жүк жөнелтті

5 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жуырда тілшінің China National Railway Group Co., Ltd компаниясынан алған мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың алғашқы алты айында ұлттық теміржолдың жүк тасымалдау көлемі жоғары деңгейде сақталған. Жалпы жөнелтілген жүк 1,946 миллиард тоннаны құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 102 млн тоннаға артып, 5,5%-ға жоғарылаған. Сөйтіп, жүк тасымалдаудың орташа тәуліктік мөлшер көрсеткіштері тарихи рекорд орнатты.

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, ағымдағы жылдың алғашқы алты айында ұлттық теміржол тәулігіне орта есеппен 178 мың көлікке жүк тиеуді аяқтап, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда көлемі 10 мың көлікке немесе 5,9%-ға артқан.

Биылғы жылдың алғашқы алты айында Қытай-Еуропа кезекші пойыздарынан жалпы 7 473 пойыз іске қосылып, 720 000 TEU жөнелтілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 2% және 2,6% жоғарылады. Батыс бөліктегі жаңа құрлық-теңіз арнасы 9-дан 12-ге дейін артып, жіберілген жүк көлемі қарқынды өсу үрдісін сақтай отырып, 379 000 TEU құрады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото