Америка жұртшылығының үкіметке деген сеніміне селкеу түсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 шілде
Америка жұртшылығының үкіметке деген сеніміне селкеу түсті

7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Pew зерттеу орталығы американдықтардың федералды үкіметке сенімі 20 жылға жуық төмендеп келгені туралы зерттеу есебін жариялады. 2022 жылы тек 21% халық ғана федералды үкіметтің негізінен айқын саясат ұстанатынына сенген.

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, 1958 жылы американдықтардың шамамен 75%-ы федералды үкіметтің дұрыс шешім жасайтынына басымдық берген. 2021 жыл тек 24%-ы ғана үкіметке көп жағдайда сене алатынын білдірген. 2022 жылғы соңғы статистика бойынша бұл көрсеткіш 21%-ға дейін төмендеген. Бұған қоса, Pew зерттеу орталығы американдықтардың үкімет туралы түсінігіне сілтеме жасай отырып, осы жылдың сәуір-мамыр айларында 5074 американдық ересек адам арасында сауалнама жүргізген. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, Америка жұртшылығының 65%-ының ойынша, саяси додаға түсетін үміткерлердің көпшілігі «жеке мүдделері үшін» сайлауға түседі деген. Тек 21%-ы ғана үміткерлердің басым бөлігі «қоғамға қызмет ету үшін» сайлауға түседі деп есептейді.

Ел билігінің оң-терістігіне жергілікті халықтың баға беруі жөн. АҚШ үкіметіне деген сенімнің құлдырауының соңында ішкі ретсіздік пен қайшылықтардың тұрғаны белгілі. АҚШ саясаткерлері халықтың үнін естіп, шынайы шешім жасап, сенім дағдарысының ұлғаюынан сақтануын күтеміз.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото