Ван И Қытайдың Украинадағы жағдайға қатысты үш ойын жеткізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 шілде
Ван И Қытайдың Украинадағы жағдайға қатысты үш ойын жеткізді

8 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 7 шілдеде Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Балидегі G20 елдері Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу барысында, Үндістан Сыртқы істер министрі Джайшанкармен Украина мәселесі бойынша пікір алмасты. Ван И Украинадағы қазіргі жағдайға қатысты Қытайдың үш нәрседен алаңдайтынын айтты.

Біріншіден, осы орайды пайдаланып, «қырғи-қабақ соғысқа» итермелеуге, лагерьдегі қарама-қайшылықты ушықтыруға және «жаңа қырғи-қабақ соғысқа» қарсы тұру. Әлем елдері күрделі және ауыр сын-қатерлерде бөлінуді емес, бірлікті бағалайды, қарсыласу емес, диалогты қажет етеді. Қытай тарихтың оң бағытын қолдайды және бейбітшілікке үндеп, келіссөздер жүргізуде өз ұстанымын сақтайды.

Екіншіден, Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін қос стандарттарға қарсы тұру. Кейбір елдер Украина мәселесінде егемендік принципін алға тартты, бірақ олар Тайвань мәселесінде Қытайдың егемендігі мен бір Қытай принципіне соқтығып, тіпті Тайвань бұғазында әдейі шиеленіс тудыруда. Бұл екі жақты стандарт екені анық. Қытай Украина дағдарысын Тайвань мәселесімен салыстыруда кез келген әрекетті жоққа шығарады және өзінің негізгі мүдделерін табанды түрде қорғайды.

Үшіншіден, өзге елдердің заңды даму құқықтары мен мүдделеріне зиян келтіруге қарсы тұру. Кейбір елдер Украина дағдарысын Қытайға және басқа елдерге біржақты санкциялар салуға сылтау ретінде пайдаланады. Мұндай негізсіз әрі заңсыз әрекеттер елдер арасындағы қалыпты алмасуды бұзып, халықаралық сауданың жалпы ережелеріне нұқсан келтіріп, Украина дағдарысының күрделенуі мен ұлғаюына әкеледі. Барлық тараптар бұған бірлесе қарсы тұрып, халықаралық ынтымақтастық үшін ашық, әділ және тең орта құруға ұмтылуы керек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото