Қазақстан азаматының Қытайдағы бес жылдық білім сапары: «Қытайлардың қонақжайлылығы мен мейірімділігі жүрегімде сақталады»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 шілде
Қазақстан азаматының Қытайдағы бес жылдық білім сапары: «Қытайлардың қонақжайлылығы мен мейірімділігі жүрегімде сақталады»

8 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Бес жыл бұрын Қытайға Қазақстаннан бір жігіт келді. Ол Ухань қаласына бауыр басып, Хубэй Технология университетін жанына жақын сезінді...» Диплом тапсыру рәсімінде Қазақстаннан келген Чжоу Аньнань қытай тілінде еркін сөйлеп, өзінің осы елде болған кезеңіндегі қимас сәттерімен бөлісті. Әңгіме барысында оның көзіне жас тығылып, видеоны көрген қаншама желі қолданушыларын әсерлендірді.

Қытайда оқитын досының аузынан Қытай туралы көрген-білгенін естіген Чжоу Аньнань осындай ғаламат елге қатты қызығып, «Қытайда оқимын» деп шешеді.

Ол: «Біз орта мектепте дүниежүзі тарихын оқитын едік. Сонда Қытай тарихына келгенде мұғалімдер «бұл ел тарихының бір бөлігі ғана» деп айтатын. Қытайдың тарихы тым ұзақ, оның бәрін меңгеру күрделі. Қытайға келгеннен кейін бұл елдің шынымен де ғаламат екенін, тарихымен танысқан сайын тереңдей беретінін түсіндім», - дейді.

Қытай мәдениетін ұнататын Чжоу Аньнань тез арада жат елге судай сіңіп, тастай батты. Қытай тілінен бейхабар ол, бір жылдың ішінде тілдің алтыншы деңгейіндегі сынағынан өтеді. Бұл қытай тілін меңгерудің ең жоғары басқышы еді. Чжоу Аньнань қытайлық сыныптастарымен бірге кино және телевидение үйірмесін құрып, қытай әндерін айта бастайды. Тіпті тамақтанғанда да, Қытайдың тіл қуыратын ащы қызанағы «Лао Ганманы» қосып жеуді әдетке айналдырады.

Айналасындағы ақ жарқын, ізгі ниетті жандар туған елінен шет жүрген Чжоу Аньнаньға «отбасының» жылулығын сыйлағандай болды. 2020 жылдың көктем мерекесінде ол сыныптастарымен Хубэйдегі Хуанган ауылына барып, Қытайдың жаңа жыл мерекесін тойлайды. Ойда жоқта келген індетке тап болған ол, сыныптасының үйінде 4 ай бойы қалуға мәжбүр болады. Сол кезде қытайлық отбасының мейірлі махаббаты оны ерекше толқытатын. Естен кетпейтін 4 ай уақыт Чжоу Аньнаньнің Қытай ауылына деген танымын тереңдете түсті.

Чжоу Аньнаньнің мамандығы цифрлық медиа өнері. Ол неше рет курстастарымен сценарийлер жасап, фильмдер түсірді. Оның арманы: шетелдіктердің назарындағы Қытай туралы фильм түсіру.

Оқуды бітіргеннен кейін Чжоу Аньнань Хубэй технологиялық университетінің магистратурасында оқуын жалғастырады. Ол Қытайдағы бес жыл ішінде есейіп, дүниетанымы кеңейіп, талай шуақты, әсерлі сәттерді басынан кешкенін, Қытай елінің қарышты өзгерістері мен дамуына куә болғанын мақтанышпен жеткізді. Тіпті Қытайда қалып, арман-мақсаттарын жүзеге асыруды ойластырып жүргенін айтты.

Ол «кино және телекомпанияда тағылымдамадан өтіп, кәсіби және практикалық білім алу мүмкіндігіне қол жеткізгісі келетінін», қытайлықтардың қонақжайлылығын, университеттегі есте ерекше сақталатын сәттерін туыстарымен және достарымен бөлісіп, көптеген жастарды Қытайға келіп, алаңсыз білім алуға шабыттандырды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото