Алғашқы бес айда қызмет көрсетудің импорты мен экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 шілде
Алғашқы бес айда қызмет көрсетудің импорты мен экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға өсті

8 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 7 шілде күні Сауда министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қытайдың қызмет көрсету саудасы тұрақты өсуін жалғастырды. Қызмет импорты мен экспортының жалпы көлемі 2 365,36 миллиард юань болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсті; оның ішінде қызмет көрсету экспорты 1151,79 миллиард юаньға жетіп, 26,3%-ға, импорт 1213,57 миллиард юань болып, 18,2%-ға жетті. Қызмет көрсету экспортының өсімі импорт көлемінен 8,1 пайыздық тармаққа жоғарыласа, қызмет көрсету саудасының тапшылығы 46%-ға төмендеп, 61,78 миллиард юаньға жетті.

Алғашқы бес айда Қытайдың қызмет көрсету саудасы негізінен ғылыми сала басымдылығының тұрақты өсуі мен туристік қызмет импорт-экспортының орнықтылық сипатын көрсетті. Қаңтар-мамыр айларында ғылымды қажет ететін қызмет импорты мен экспорты 988 миллиард 670 миллион юань болып, 10%-ға өсті. Қаңтар-мамыр аралығында Қытайдың туристік қызмет импорты мен экспорты 330 миллиард 840 миллион юаньға жетіп, 7,7%-ға жоғарылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото