Тарым өзенінің төменгі ағысына 23-інші рет экологиялық су жіберілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 шілде
Тарым өзенінің төменгі ағысына 23-інші рет экологиялық су жіберілді

8 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 6 шілде күні Шыңжаңда Тарым өзенінің төменгі ағысына экологиялық су жеткізу басталды. Шыңжаң 2000 жылдан бері еліміздің ішкі аймағындағы ең ұзын Тарым өзенінің төменгі ағысына экологиялық су жеткізуді осымен 23 рет жүзеге асырып отыр.

Дәл осы күні Шыңжаңның Байынғолын Моңғұл автономиялық облысының Лопнұр ауданын Тарым өзенінің төменгі ағысында, Дасихайзи су қоймасынан босатылған су, өзеннің төменгі аңғарындағы су тартылған жерлерге жіберілді.

Тілшінің Шыңжаң Тарым өзені аңғары әкімшілігінен хабарлауынша, су жеткізу қыркүйек айындағы су тасқыны маусымының соңына дейін жалғасады, Бұл шара 15 күн бойы Тарым өзенінің төменгі ағысының Дасихайзи су қоймасынан Тетма көліне дейінгі 360 шақырым келетін бүкіл ағынды қамтиды деп күтілуде. Аңғардағы ауылшаруашылық суару суына толық кепілдік беру шарты бойынша, бұл экологиялық су жіберу өткен жылмен салыстырғанда бір айға ерте жеткізілді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото