Шілдеден бастап Үндістан, Қытай, Иран азаматтары Қазақстанда 14 күн визасыз жүре алады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 шілде
Шілдеден бастап Үндістан, Қытай, Иран азаматтары Қазақстанда 14 күн визасыз жүре алады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылы 7 шілдедегі № 464 қаулысымен қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастырып, іскерлік байланыстарды жандандыру және елдің туристік әлеуетін одан әрі жүзеге асыру мақсатында Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін визасыз кіру тәртібі енгізілді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Осы шешім аталған шет елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында күнтізбелік 14 күнге дейін, 180 күнтізбелік күнді қамтитын әрбір кезең ішінде жалпы алғанда 42 күнге дейін визасыз болуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, сонымен қатар, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 57 шет мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстанға визасыз кіру тәртібі қайта қалпына келтірілгенін естеріңізге саламыз.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото