«Қытай жазуына махаббат» атты 2022 жылғы халықаралық хикая конференциясы әлемде бір уақытта басталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 шілде
«Қытай жазуына махаббат» атты 2022 жылғы халықаралық хикая конференциясы әлемде бір уақытта басталды

11 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халықтық Шетелдермен достық қауымдастығы мен онлайн «Халық Газеті»(People's Daily Online)ұйымдастырған 2022 жылғы «Қытай жазуына махаббат» атты халықаралық хикая конференциясы шілдеде бүкіл әлем көлемінде басталды.

【Байқау мазмұны】

Байқау үш кезеңнен тұрады: алдын ала сынақ, жартылай финал және финал. Алдын ала сынақ және жартылай финал онлайн режимінде өтеді. Алдын ала сынақта «бір реттік онлайн сұрақтарға жауап беру», «бір минуттық өзін-өзі таныстыру видеосы» және бейнебайланыс арқылы жартылай финалда тап-берменде сөз сөйлеу сияқты кезеңдер бойынша сарапшы қазылар шешімімен 10 үміткер финалға жолдама алады.

Финал қыркүйек айының ортасынан соңына дейін офлайн режимде өтеді. Байқауға қатысушылар «әділдік» тақырыбында қытай тілінде 7 минуттық тікелей эфирде сөйлейді. Соңында қазылардың ұпайлары мен пікірлері бойынша марапат иелері анықталады.

【Қатысушылар】

*Қытайда оқитын шетелдік студенттер, ал олардың ішінде шетелге қоныс аударған қытайлықтардың ұрпағы болса үш ұрпақтан астам иммиграция болуы керек;

*Қытайда жұмыс істейтін, өзінің және ата-анасының ана тілі қытай тілі емес шетелдіктер;

*Ана тілі қытай тілі емес шетелдегі адамдар.

Азаматтығы қытайлық емес, жас шектеулері жоқ.

Ескертпе: «Қытай жазуына махаббат» атты 2021 жылғы халықаралық хикая конференциясы финалистері бұдан былай осы жылдың жартылай финалы мен финалға қатысуға болмайды.

【Жарыс барысы】

Онлайн-алдын ала байқау: шілдеден тамыздың басына дейін қатысушылар онлайн режимінде сұрақтарға жауап береді және 1 минуттық өзін-өзі таныстыру бейнебаянын жібереді.

Онлайн жартылай финал: тамыз айында жартылай финалда үміткерлер топқа бөлініп онлайн сөз сөйлейді. Сол арқылы ойыншылардың суырыпсалма сөйлеу шеберлігі тексеріледі. Жарыс барысын жан-жақты сараптайтын қазылар 10 үміткерді таңдап, финалға өткізеді.

Офлайн финал: қыркүйек айының ортасынан соңына дейін үміткерлер «әділдік» тақырыбында қытай тілінде 7 минуттық бетпе-бет сөз сөйлейді. Әділқазылар негізгі құндылықтарға, сахнадағы тартымдылыққа, қытай тілінде сөйлеу қабілетіне, мәдениетті өзара қабылдауына қарай ұпай береді. Сөйтіп жалпы жеңімпаздар мен жеке марапат иелерін саралайды.

【Арнайы ескерту】

Алдын ала байқаудағы сұрақтарға жауап беру кезеңінде қатысушылар WeChat апплеті арқылы байқауға қатыса алады. Барлығы 5 сұрақ бар, уақыт шегі 10 минут. Сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін, нұсқаулар бойынша өзіне ең ұнайтын бір қытай әрібін жазады.

Соңында, hanzi@people.cn электронды поштасына 5 тамызға дейін электрондық хаттың атауына сұраққа жауап беру кезіндегі пайдаланылған «аты-жөні + ұялы телефон нөмірі» жазылған «Бір минуттық бейне» мен қолмен жазған қытай әрібі бар постерды бөліскен фотоны жіберуді ұмытпаңыз. (Бейнеге қойылатын талаптар: пішімі MP4, 1080P, көлденең экранды жазу. Ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек. Қытай жазуына деген махаббатыңызды және қытай әріптеріне байланысты кешірмелеріңізбен бөлісесіз)

Жоғарыда аталған шарттарды орындағаннан кейін жалпы рейтингтегі үздік 30 үміткер жартылай финалға өтеді.

Сұрақтарға жауап беруді бастау үшін төмендегі QR кодын сканерлеңіз! 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото