Рекорд орнады:әлемдегі ең кішкентай жыртқыш құстардың 15-і бір жерден табылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 шілде
Рекорд орнады:әлемдегі ең кішкентай жыртқыш құстардың 15-і бір жерден табылды

12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Бірнеше күн бұрын экологиялық фотограф Юньнань өлкесінің Инцзян ауданында 12 қызыл аяқты сұңқардың топтасқан суретін бір мезетте түсіріп алды. Бұл өте сирек кездесетін жағдай.

Мәліметтерге сәйкес, қызыл аяқты сұңқарлар әлемдегі ең кішкентай жыртқыштардың бірі және еліміздегі екінші деңгейлі негізгі қорғалатын құс болып табылады. Қазіргі кезде ол Юньнань өлкесінің Инцзян ауданы аумағында ғана тұрақты таралған. Сол күні фотографтар барлығы 15 қызыл аяқты сұңқарды бірден көре алды. Бұл жағдай Қытайда бір текті құстардың бір мезгілде пайда болуы бойынша жаңа рекорд орнатты. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото