- Барлық ақпарат
Маусымдағы Қытайдың автокөлік сатылымы өткен жылдың сәйкес мезгілмен салыстырғанда 23,8%-ға өсті
![]() |
12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың автомобиль өндірушілер қауымдастығының 11 шілде күні жариялаған мәліметтеріне сәйкес, еліміздегі автомобиль өндірісі мен сатылымы маусым айында сәйкесінше 2 миллион 499 миллионға және 2 миллион 502 миллионға жетіп, өткен аймен салыстырғанда 29,7 және 34,4 пайызға өсті. Ал өткен жылдың сәйкес мезгілмен салыстырғанда 28,2% және 23,8%-ға артып, өндіріс қарқыны жоғарылады.
Қытай автомобиль қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Чен Шихуаның айтуынша, маусым айында індеттен зардап шеккен еліміздің автокөлік өнеркәсібінің тасымал жүйесі толығымен қалпына келіп, кәсіпорындар шығынның орнын толтыру үшін өндіріс үдерісін жеделдетті. Сатып алу салығының жартысын азайту жөніндегі ұлттық саясат пен жергілікті үкіметтің автомобильді тұтынуды ынталандыру шарасы негізінде жеңіл автокөлік нарығының көтерме сауда көлемі маусым айында жақсы нәтиже көрсетті. Сол сияқты терминал нарығы да айтарлықтай жақсарып, жалпы тиімді өсу көрсеткіші орын алды.
people.cn © People's Daily Online