- Барлық ақпарат
«Си Цзиньпиннің дипломатиялық баяндамалар жинағының» бірінші және екінші томдары ағылшын тілінде жарық көрді
13 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Партия тарихы мен құжаттарын ғылыми-зерттеу институты аударған Си Цзиньпиннің «Дипломатиялық баяндамаларының» бірінші және екінші томдары жуырда ағылшын тілінде Орталық аударма баспасында басылып, таратылды.
«Си Цзиньпиннің дипломатиялық баяндамалар жинағының» бірінші және екінші томдарын Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Партия тарихы мен құжаттарын ғылыми-зерттеу институты редакциялап, өңдеген. Бұл томдарға 2013 жылдың наурызынан 2021 жылдың қарашасына дейінгі төраға Си Цзиньпиннің маңызды 136 баяндамасы енген. Кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасын басып шығару және тарату елдегі және шетелдегі оқырмандарға Си Цзиньпиннің дипломатиялық ойларының бай коннотациясын, ортақ болашағы бар адамзат қауымдастығын құрудың маңызды тұжырымдамасын, жаңа дәуірдегі Қытай үлгісіндегі ірі мемлекет дипломатиясының ұлы тәжірибесін, Қытай жолы, Қытайдың басқару бағыты, Қытай қағидалары және т.б. бағыттағы пікірлерін терең түсінуге мүмкіндік береді.
people.cn © People's Daily Online