Қытай-Қазақстан бірлескен дауларды шешудің платформасы әзірленді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 шілде
Қытай-Қазақстан бірлескен дауларды шешудің платформасы әзірленді

13 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылы Автономиялық регионның Жоғарғы халық соты басшылығымен Іле Қазақ автономиялы облыс бөлімшесі Қытай-Қазақстан Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында «Қытай-Қазақстан Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының әртараптандырылған қайшылықтар мен дауларды шешу платформасы» жасалды. Қытайлық және шетелдік тараптардың дауларды шешудегі әртүрлі қажеттіліктерін тиімді қанағаттандырып, Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі аймағын салуға көмектесу мақсатында ыңғайлы, жылдам және тиімді «бір терезе» дауларды шешу орталығын құру көзделді. Осы мақсатта бір платформада сот ісін, медиацияны және арбитражды органикалық түрде біріктіріп, дауларды реттеу орындары анықталып, бірінші сатыдағы соттар мен арбитраждық соттар құрылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото