Қазақстандық оқырмандарға Қытай хикаясын айтамыз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 шілде

 

13 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Әсем қала Алматыдағы «Шанс» кітап дүкеніне кіре қалсаңыз, сөредегі Қытайшадан аударылған көптеген шығармалардың орысша және қазақша нұсқалары адамды өзіне баурайды.

 

 

Алматыдағы 2019 жылдың соңында Шығыс мәдениеті мен өнерін қолдау мақсатында ашылған «Шанс» кітап дүкені – Қазақстандағы Қытай мәдениетін таныстыратын бірінші кітап дүкен. Дүкеннің кітап қорында орыс, қазақ және қытай-қазақ тілдерінде 700-ден астам Қытай тақырыбындағы кітаптар бар. «Шанс» кітап дүкенін Қытайдың жеке мәдени кәсіпорны Shangsi International Publishing Group басқарады. Оның Ресейде, Қырғызстанда, Қазақстанда және басқа да елдерде тәуелсіз баспа мекемелері мен тарату арналары құрылған. Баспада негізінен экономика, мәдениет, өнер және басқа да салаларды қамтитын Қытай тақырыбындағы кітаптар аударылып, жарыққа шығады.

Қазір екі ел мәдениетінің дәнекеріне айналған «Шанс» кітап дүкенінің қоры жыл өткен сайын толысып, Алматыдағы Қытай мәдениетін сүйер, білім сүйер қауымды еркін сусындатып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото