Бірінші жартыжылдықта тауар саудасының импорты мен экспортының жалпы құны бір жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 9,4%-ға дейін өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 шілде
Бірінші жартыжылдықта тауар саудасының импорты мен экспортының жалпы құны бір жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 9,4%-ға дейін өсті

14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Бас кеден басқармасының 13 шілде күні жариялаған мәліметтеріне сәйкес, еліміздің сыртқы саудасы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында тұрақты өсімге қол жеткізіп, тауар саудасының жалпы импорты мен экспорты 19,8 триллион юаньды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға өсті. Оның ішінде экспорт 11,14 триллион юаньды құрап, 13,2%-ға артса, ал импорт 8,66 триллион юаньды құрап, 4,8%-ға көтерілді.

Маусым айында еліміздің импорты мен экспорты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға артып, өсу қарқыны мамыр айымен салыстырғанда 4,8%-дық тармаққа жоғары болды. Бас кеден басқармасының баспасөз хатшысы және статистика және талдау департаментінің директоры Ли Куйвэнь: «Жалпы алғанда, еліміздің сыртқы саудасының импорты мен экспорты бірінші жартыжылдықта тұрақтылықты көрсетті. Бірінші тоқсан бірқалыпты басталды. Ал мамыр мен маусымдағы өсу қарқыны сәуірдегі төмендеу үрдісін тез арада өзгертті. Осылайша, бір жылғы сыртқы сауданың тұрақтылығы мен жақсаруына берік негіз қаланды»-, деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото