- Барлық ақпарат
Қытайлықтар неге ақша үнемдеуді жөн көреді?
![]() |
14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытай Халық банкінің 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жариялаған қаржы статистикасына сәйкес, бұл кезеңде халықтың депозиттері 10 триллион 330 миллион юаньға өсіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 триллион 880 миллион юаньға артқан.
Салыстыра қарайтын болсақ, Халықтың депозиттері 2021 жылдың бірінші жартысында 7,45 триллион юань болған. Ал 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 8,33 триллион юаньды, 2019 жылдың бірінші жартысында 6,82 триллион юаньды, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 4,26 триллион юаньды құраған. Яғни 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында халық салымдарының өсуі соңғы жылдардағы сәйкес кезеңнің жаңа ең жоғары деңгейіне жеткен.
Қытай Саудагерлер одағы қаржы бөлімінің бас зерттеушісі Дун Симиао: «Халық депозиттерінің айтарлықтай артуына қысқа және ұзақ мерзімдегі көптеген себептер әсер етеді»,- деді.
Қысқа мерзімді факторлар тұрғысынан алғанда, бұл негізінен індеттің әсері. Ал ұзақ мерзімді факторлар тұрғысында, бұл халықтың болашақтағы кірістер мен шығыстарға деген күмәндерін тудырып, бұдан қорғану мен ақша сақтауға деген ниеттерін арттырды.
«Тұрғындар депозиттерінің өсуі олардың тәуекелдерге қарсы тұру қабілетін жоғарылатады. Алайда, мұның екінші жағы халықтың болашаққа деген сенімдерін әлсіретіп, тұтыну қажетінің азаюы мен инвестициялық ынтаның төмендеуін тудырады». Дун Симиао келесі қадамда тұрғындардың үміті мен сенімін тұрақтандырудың тиімді шараларын қолдану арқылы, халықтың белсенділігі мен инвестиция салымын арттыру керектігін айтты.
people.cn © People's Daily Online