Сыртқы істер министрлігі: «Қытайдың қарыз тұзағы теориясы» деген айтылымның өзі «сөз ойыны»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 шілде

15 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбинь 14 шілдеде журналистердің африкалық қарыз мәселесіне қатысты сұрағына жауап бергенде, «Қытайдың қарыз тұзағы теориясы» деген айтылым Қытайдың Африкадағы дамушы елдермен ынтымақтастығы қарқынды дамуға қол жеткізгенін көргісі келмейтіндердің ойлап тапқан «сөз ойыны» ғана екенін айтты.

Сол күнгі кезекті баспасөз мәслихатында тілші былай деп сұрады: «Жақында британдық «Қарыз әділеттілігі» қайырымдылық ұйымы Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры және басқа мекемелердің деректеріне сілтеме жасап, Африка елдерінің Батыс елдерінен алған қарызы туралы есеп берді. Ол Африка елдерінің Батыстың жеке қаржы ұйымдарынан алған қарызы Қытайдан үш есе, ал пайыздық мөлшерлемесі Қытайдан екі есе көп деп есептейді. Сондай-ақ Батыс елдері жеке қаржы ұйымдарын G20 елдерінің қарызды тоқтату бастамасына қатысуға шақыруы керек деп ұсыныс жасады. Бұл туралы Қытайдың пікірі қандай?»

Ван Вэньбиньнің айтуынша, Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, 49 африкалық елдің 696 миллиард АҚШ долларын құрайтын сыртқы қарызының төрттен үш бөлігі көпжақты және жеке қаржы ұйымдарынан (Қытайды қоспағанда, төменде де солай) алынғаны туралы айқын деректер бар. Қарыздық жүктемесі ең жоғары Африканың 24 еліне жүргізілген сауалнама көрсеткендей, бұл елдер алдағы жеті жылда жеке және көпжақты қаржы ұйымдарына өз қарыздарының 32% және 35% медианасын төлейді. Батыстың жеке қаржы ұйымдарынан несиелік пайызының орташа мөлшерлемесі Қытай қаржы ұйымдарынан екі есеге көп.

«Қытайдың қарыз тұзағы теориясы» Қытайдың Африкадағы дамушы елдермен ынтымақтастығының жедел дамуын көргісі келмейтіндердің жасаған «сөз ойыны» екені белгілі», - деді Ван Вэньбинь. «Қарыз әділеттілігінің» жауапты тұлғасы айтқандай, «Батыстың Африкадағы қарыз дағдарысына Қытайды айыптауы – өздері бұлтарып қалу үшін жасаған айла болып отыр. Шындығында, бұған олардың өз банктері, активтерді басқарушылары және мұнай трейдерлері әлдеқайда кінәлі», - деп атап көрсетті.

«Біз дамыған елдерді және олардың жеке қаржы ұйымдарын, сол сияқты халықаралық көпжақты қаржы ұйымдарын дамушы елдерге қаржылық қолдау көрсетуге, олардың қарыздық ауыртпалықтарын жеңілдетуге, әлемдік экономиканың инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізуіне көмектесу үшін әлеуетті шаралар қабылдауға шақырамыз», - деді Ван Вэньбинь.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото