9-ыншы Қытай-Орталық Азия ынтымақтастық форумының шымылдығы жабылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 шілде
9-ыншы Қытай-Орталық Азия ынтымақтастық форумының шымылдығы жабылды

15 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 13 шілдеде күні 9-ыншы Қытай-Орталық Азия ынтымақтастық форумы жұмысын табысты аяқтады. Бейжің, Шэньян және Далянь қаласында бір уақытта өткен бұл форум Қытай және Орталық Азияның бес елінің үкімет, білім, өнеркәсіп және сауда салаларының өкілдері әйелдер ісі, ауыл шаруашылығын интернационалдандыру, білім беру, цифрлық экономика, т.б. өзекті тақырыптар бойынша онлайн және офлайн түрінде салалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығы 9-ыншы форумының жабылу салтанатында Шанхай ынтымақтастық ұйымының тату көршілік, достық және ынтымақтастық комитеті төрағасының орынбасары Цуй Ли форумның қортындысын таныстырды. Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған әйелдер мәселесін дамыту форумында барлық тараптар әйелдердің әлеуметтік жағдайын көтеру, білім беру және жұмыспен қамту салаларындағы жетістіктеріне назар аудара отырып, саясатты үйлестіруді күшейтуге және практикалық ынтымақтастық пен әйелдер ісін бірлесіп дамытуды қолдауға келісті. Ауыл шаруашылығы кооперациясының бөлімше форумы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне арналған негізгі проблемаға назар аудара отырып, ауылшаруашылық технологияларының алмасуы мен өзара бірлесу, ауылшаруашылық өнімдерінің саудасы мен тасымалдау жүйесін қорғау сияқты тақырыптар төңірегінде терең талқылау өткізді. Бұл әр ел аймақтарының жандануына және адамдардың өмір сүру деңгейіне пайдасын тигізеді. Цифрлық экономика қосалқы форумы өнеркәсіптік ынтымақтастық пен таланттарды оқытуға жәрдемдесу үшін жаңа жобаларды бекітуді ұсынды. Білім саласына арналған бөлімше форумы барлық тараптардың колледждері мен университеттерінің білім беру жүйесіндегі ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізуіне жәрдемдесті. Сөйтіп өңірдегі таланттар алмасуына және болашаққа сапалы мамандарды тәрбиелеуге ықпал етті.

Сондай-ақ жабылу салтанатында «9-ыншы Қытай-Орталық Азия ынтымақтастық форумы (Дальян) бастамасы» жарияланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото