Бірінші жартыжылдықта Шыңжаң темір жолының қос шекарасы арқылы 6195 пойыз өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 шілде
Бірінші жартыжылдықта Шыңжаң темір жолының қос шекарасы арқылы 6195 пойыз өтті

18 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің China Railway Urumchi Bureau Group Co., Ltd.-дан алған мәліметіне сәйкес, бірінші жартыжылдықта 6195 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) кезекші пойызы Шыңжаң темір жолының Алашанькоу (Алатау) және Қорғас қос шекарасы арқылы өтіп, өткен жылдың сәйкес мерзімінде қос шекара арқылы өткен пойыздар санынан асып түсті. Сөйтіп Шыңжаң темір жол шекарасы арқылы өткен Қытай-Еуропа (Орталық Азия) кезекші пойыздарының рекордын жаңалады.

Қазіргі уақытта Қорғас және Алашанькоу (Алатау) шекарасы арқылы өтетін Чунцин-Шыңжаң-Еуропа, Чжэнчжоу-Шыңжаң-Еуропа, Чанань, Чэнду-Шыңжаң-Еуропа сияқты 57 пойыз рейсі Германия, Польша, Бельгия және Ресей сияқты 18 ел мен аймаққа жетеді. Жүк пойыздарына 200-ден аса тауар түрлері тиеледі. Сөйтіп қазіргі уақытта шығыс пен батысты байланыстырып, Еуропа мен Азияны жалғайтын халықаралық көлік арнасы қалыптасты. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото