Қытайлық Ван Цзянань әлем чемпионатында ұзындыққа секіруден алтын медаль алған алғашқы Азиялық спортшы атанды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 шілде
Қытайлық Ван Цзянань әлем чемпионатында ұзындыққа секіруден алтын медаль алған алғашқы Азиялық спортшы атанды

18 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 17 шілде күні таңертең, АҚШ-тың Орегон қаласында өтіп жатқан, жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатының ерлер арасындағы ұзындыққа секіру финалында қытайлық Ван Цзянань 8,36 метр көрсеткішпен топ жарып алға шығып, тарихта әлем чемпионында ұзындыққа секіруден алтын алған алғашқы Азиялық спортшыға айналды.

Алғашқы бес секіруден кейін Ван Цзянань әлі де бесінші орында болды. Соңғы секіруде Ван Цзянань мүмкіндікті пайдаланып, 8,36 метр көрсеткішпен барлық қарсыластарын басып озып, чемпион атанды. Сөйтіп, Қытай жеңіл атлетика құрамасының ағымдағы әлем чемпионатындағы алғашқы алтын медалі және жеңіл атлетикадан әлем чемпионаттарында Қытай ер спортшыларының тарихындағы алғашқы алтын медалі дүниеге келді! Ойыннан кейін Ван Цзянань мемлекет туын жамылып шығып, 20 000-нан астам көрерменнің алдында осы тарихи жеңісті тойлады.

Бұл Ван Цзянаньның 2015 жылғы Бейжіңдегі жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алғаннан кейінгі әлем чемпионатындағы екінші медалі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото