Қытай Шыңжаң-Қазақстан кәсіпорындар ынтымақтастығы туралы бейне кездесу өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 шілде
Қытай Шыңжаң-Қазақстан кәсіпорындар ынтымақтастығы туралы бейне кездесу өтті

19 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 15 шілде күні Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесінің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы комитеті, Қазақстанның «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығы және басқа да бөлімшелер бірлесіп, Қытай Шыңжаң-Қазақстан кәсіпорындар ынтымақтастығы туралы бейнероликтер конференциясын өткізді.

Бұл жолғы бейне кездесуі тікелей эфирде жүргізілді. Қытай мен Қазақстанның 80-ге жуық кәсіпорын өкілдері кездесуге дейін сұраныс пен ұсыныстың нақты сәйкестігі, отырыс кезіндегі ұштастық пен ынтымақтастық және кездесуден кейінгі жеке жұмыс жағдайында тоқыма, тігін, ауыл шаруашылығы өнімдері мен басқа салалардағы ынтымақтастықтың оңтайлы жолдарын іздестіру және өзара тиімділік пен тең ұтысқа жету нәтижелерін талқылады.

Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бергі 30 жыл ішінде екі мемлекет басшыларының стратегиялық жоспарлауымен экономикалық және сауда саласындағы ынтымақтастық жемісті нәтижелерге қол жеткізді. Екіжақты сауда көлемі дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған алғашқы кездегі 368 миллион АҚШ долларынан, 2021 жылы 25,25 миллиард АҚШ долларына дейін өсті. Қытай Қазақстанның екінші ірі сауда серіктесі, ең үлкен экспорттаушы мемлекет және екінші ірі импорт көзі болып табылады.

2013 жылы Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесі (CCPIT) мен Қазақстандағы тиісті мекемелер бірлесіп, Қытай-Қазақстан кәсіпкерлері комитетін құру туралы бастама көтерді. 2019 жылы Шыңжаң Қытай-Қазақстан Кәсіпкерлер комитетінің Шыңжаң байланыс кеңсесін құрды. Бұл кеңсе Қытай-Қазақстан кәсіпкерлері комитетінің екі жақты ынтымақтастық механизмінің іске асуына толық мүмкіндік берді. Қос тарап бірлесіп, Қытай Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты әртараптандырып, одан әрі нығайтуға жәрдемдесті.

Кездесуде Alashankou Jurui Trading Co., Ltd., Kazakhstan Happiness 1981 Agricultural Trade Co., Ltd., Xinjiang Xinrun International Trading Co., Ltd. және Kazakhstan Asia New Territories Group Co., Ltd. сәйкесінше Қазақстаннан 5000 тонна күнбағыс тұқымын импорттап, 8 млн АҚШ долларына бағаланған механикалық және электротехникалық бұйымдар мен құрылыс материалдарын экспорттауға қол қойды.

Корпоративтік коммуникация сессиясында уағдаластық қағидаттары бойынша сәйкестендірілген қытайлық және қазақстандық компаниялар аудармашылар мен заңгерлердің көмегімен жеке жоба алмасуларын жүргізді. Кездесуден кейін тапсырыстар нақтыланып, орындалуы қадағаланатын болды.

Шыңжаң халықаралық сауданы дамыту кеңесі Қытай мен Қазақстан кәсіпорындары арасындағы терең алмасу мен ынтымақтастықты одан әрі дамытады. Қос тарап экономикалық және сауда салаларындағы өндірістік қуат пен ынтымақтастық кеңістігін кеңейтуді жалғастырады. Бұдан кейін Қытай Шыңжаң-Қазақстан кәсіпкерлер форумы мен Қытай Шыңжаң-Қазақстан кәсіпкерлерінің екі жақты бұлтты диалогтік кездесуі сияқты іс-шараларды өткізеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото