Шыңжаңның бидай өндірісін механикаландыру деңгейі 98,78%-ға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 шілде
Шыңжаңның бидай өндірісін механикаландыру деңгейі 98,78%-ға жетті

19 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қазіргі уақытта Шыңжаң бидайы кең көлемде орыла бастады. Санжы дұңған автономиялық обылысы Шонжы ауданы Шыңжаңның маңызды астық өндіретін аумағы болып табылады. Осы қуаң жерде жергілікті халық тиімді және суды үнемдейтін тамшылатып суару әдісін қолданып, әрі бүкіл өндіріс барысын 98,78%-ға механикаландыру арқылы еңбек шығынын айтарлықтай азайтып, өндіріс тиімділігін арттырды.

Шонжы ауданы өндірген бидай Шыңжаңның жалпы бидай өнімінің оннан бір бөлігін құрайды. Мұнда көп пайдаланатын комбайнның құны 5 миллион юаннан асады, ол сағатына 40-50 гектар бидай алқабын жинай алады, бұл 3-4 футбол алаңының ауданына тең. Ең бастысы, комбайнмен орылған бидай шашылып ысырап болмайды әрі үгітілмейді.

Үстіміздегі жылы Шыңжаңның бидай егіс көлемі 1133333 гектардан асты. Бұнда өз сорттарын зерттеп, жетілдіріп, озық ауылшаруашылық техникасы мен агрономиясын қолданып, ауқымды өндіріс арқылы мол өнім алады. Қазір Шыңжаңның астық өндірісі өзін қамтамасыз етіп ғана қалмастан, артық бөлігін бүкіл ел көлемінде сататын болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото