Ұлттық ботаникалық бақтағы аморфофалл титаникалық әлемде алғаш рет топтаса гүл ашты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 шілде
Ұлттық ботаникалық бақтағы аморфофалл титаникалық әлемде алғаш рет топтаса гүл ашты

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 19 шілде күні Ұлттық ботаникалық бақта аморфофалл титаникалық гүлдеді. Ал оның жанында тағы бір аморфофалл титаникалық та бүршік жаруға дайын тұр. Бұл аталған өсімдіктің Ұлттық ботаникалық бақта жақында ғана гүлдеген екінші Түбі. Осы жолғысы, 6 шілдеде гүлдеген алғашқысы және жақын арада гүлдегелі тұрған үшінші аморфофалл титаникалық, бұлар әлемде алғаш рет жасанды жолмен өсірілген аморфофалл титаникалықтардың топтаса гүлдеуі болды.

Аморфофалл титаникалық гүлдеуі өте сирек кездеседі. Бұл өсімдік бар болғаны 3-4 рет ғана бүршік жарады. Олардың гүлдеуі 2 күннен аспайды. Әлемде жасанды жолмен өсетін бұл гүлдердің саны небәрі 100 шақты ғана.

Бұл жолы көрмеге қойылған аморфофалл титаникалық гүлшоғырының биіктігі 1,66 метр.

Аморфофалл титаникалықтың гүлдері ірі болғандықтан, қоректікті көп қажет етеді. Сондықтан оның гүлдеу мезгілі шамамен 48 сағат айналасында ғана болады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото