«Шэньчжоу-14» астронавының экипажы Вэньтянь эксперименттік кабинасына сәтті қадам жасады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 шілде

25 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың адам басқаратын ғарыштық инженерлік кеңсесінің мәліметі бойынша, «Шэньчжоу-14» астронавт экипажы 25 шілде күні сағат 10:03-те Вэньтянь эксперименттік кабинасының есігін сәтті ашты. Бұл қытайлық ғарышкердің орбитада ғылыми тәжірибелік кабинаға алғаш рет кіруі еді.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 24 шілдесінде Бейжің уақыты бойынша сағат 14:22-де Вэньтянь эксперименттік кабинасы бар Ұзақ жорық 5B үшінші зымырантасығышы тұтандырылып, еліміздің Хайнань өлкесіндегі Вэньчан ғарыш алаңынан ұшырылған болатын.

Вэньтянь эксперименттік кабинасы орбитаға шыққаннан кейінгі қызметін ойдағыдай аяқтаған. 2022 жылғы 25 шілдеде Бейжің уақытымен сағат 3:13-те ол Тяньхэ өзекті кабинасының алдыңғы портына сәтті қондырылған. Барлық кездесу және қондыру барысына шамамен 13 сағат уақыт кеткен еді.

Бұл еліміздегі 20 тонналық екі ғарыш кемесінің алғаш рет орбитада кездесіп, түйісуге қол жеткізуі еді. Сондай-ақ орбитада ғарышкерлер отырған кездегі ғарыш станциясында орындалған алғашқы кездесу мен қондыру қызметі болып табылады.

Әрі қарай комбинацияны біріктіруді басқару, шағын роботты қолдың қызметін және үлкенді-кішілі қолдардың бірігуін сынау сияқты орбиталық жұмыстар жоспарға сай жүргізілетін болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото