Қазақстан Ауғанстанмен сауда және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 шілде
Қазақстан Ауғанстанмен сауда және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын

Қазақстан Ауғанстанмен сауда және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев Өзбекстанда Ауғанстан мәселесі бойынша өткен халықаралық конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.

Бүгін Ташкент қаласында «Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Оның жұмысына Орталық Азия мемлекеттерінің, Ресей, АҚШ, Еуропалық одақ, Қытай, Үндістан, Иран, Пәкістан, БҰҰ-ның түрлі агенттіктері мен институттарының ресми өкілдері қатысты.Ауғанстаннан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Муттаки қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев өз сөзінде ауған мәселесіне бірыңғай өңірлік көзқарастың, БҰҰ рөлін одан әрі арттырудың қажеттігін атап өтті. Елші Қазақстан Ауғанстанмен сауда және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендігін мәлімдеді.

Қатысушылар Ауғанстанға әлеуметтік және экономикалық проблемаларды еңсеруде көмек көрсету қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото