- Барлық ақпарат
Қытай екінші кезекті халықаралық тұтыну тауарлары жәрмеңкесінің саяхат кемесі көрмесі ашылды
![]() |
27 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 26 шілде күні кешке Хайнань өлкесінің Хайкоу қаласында екінші кезекті Қытай халықаралық тұтыну тауарлары жәрмеңкесі саяхат кемесі көрмесі өз шымылдығын ашты. Көрменің негізгі алаңы Хайкоу ұлттық желкенді базасы қоғамдық аймағында орналасқан, оның жалпы ауданы 180 000 шаршы метрді құрайды. Онда Нидерландының, АҚШ-тың, Италияның және Германияның төрт ұлттық тақырыптық павильоны жайғасқан. Көрме алаңына 200-ден астам көрмеге қатысатын кемелер қойылған.
Екінші кезекті Қытай халықаралық тұтыну тауарлары жәрмеңкесінің саяхат кемесі көрмесіне қойылған саяхат кемелерінің саны алдыңғы көрме шарасымен салыстырғанда, шамамен 90%-ға өсті. Олардың ішінде шетелдік бренд қайықтардың саны 45%-ға жуық көрсеткішті құрады.
Хайнань халықаралық тұтыну тауарлары жәрменкесіне қатысушылар мен көрермендер саяхат кемелерін тамашалауы үшін, 25 шілде күні саяхат кемелері мен желкенді қайықтардың жүзу круиздік көрсетілімі өткізілді.
people.cn © People's Daily Online