Екінші Қытай халықаралық тұтыну тауарлары жәрмеңкесіндегі «ұшатын көлікпен» танысайық

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 шілде

28 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Хайнаньның Хайкоу қаласында екінші Қытай халықаралық тұтыну тауарлары жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл жәрмеңке – жаһандық тұтыну өнімдерін көрсетуге және сауда жасауға арналған қоғамдық қызмет көрсету алаңы. Биылғы жәрмеңкеде жаңадан құрылған 5000 шаршы метрлік отандық өнімдер қойылған бутик залы Қытайдың танымал брендтерін, сондай-ақ технология және мәдени шығармашылық сипаттағы әртүрлі тұтыну тауарларын топтастырған. Отандық өнімдер сарайындағы «Ұшатын көлікпен» танысар болсақ, Xiaopeng Huitian ұшатын көлігі көміртекті талшықтан жасалған, салмағы шамамен 500 кг, ішіне екі жолаушыны отыра алады, ұшудың максималды жылдамдығы 130 км/сағ және 1000 метрге дейін ұша алады. Бұл көлік жаппай өндіріліп, 2024 жылы іске қосылады деп күтілуде.

 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото