Шанхай нөмірлі Қытай-Еуропа кезекші пойызы алғаш рет Орталық Азияға жол тартты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 шілде
Шанхай нөмірлі Қытай-Еуропа кезекші пойызы алғаш рет Орталық Азияға жол тартты

29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 28 шілде күні түстен кейін Шанхай жүк стансасынан 984,42 тонна жүк тиелген «Шанхай нөмірлі Қытай-Еуропа кезекші пойызы» жолға шықты. Бұл Шанхайдан бағыт алып Орталық Азияға баратын алғашқы экспорттық пойыз.

Қытай-Еуропа кезекші пойызына кондиционерлер мен жылытқыш құралдары, пештер, велосипедтер, балалар арбалары, тігін машиналары және басқа да тұрмыстық материалдар тиелген. Пойыз Қорғас пен Алтынкөл теміржол станциясы шекаралары арқылы өтіп, соңында Қазақстанның Алматы қаласына жетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото