Қазақ баласы Руслан Туленовтың Қытай еліне махаббаты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 тамыз

1 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 26-30 шілде аралығында Хайнаньның Хайкоу қаласында екінші Қытай халықаралық тұтыну тауарларының жәрмеңкесі өтті. Бұл елдегі алғашқы таңдаулы тұтыну бұйымдарына арналған ұлттық деңгейдегі және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі тұтыну бұйымдарының көрмесі. Хайнань халықаралық экономикалық даму бюросы осы жолғы шараны ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. Ұйымдастырушы тараптың қызметкері, Хайнань халықаралық экономикалық даму бюросының жаһандық баспасөз қызметкері қазақстандық Руслан Туленов осы жолғы жәрмеңкедегі ең қарбалас істі атқарушылардың бірі болды.

Батыс Қазақстандағы мұнайлы қала Атырауда дүниеге келген Руслан Туленов бала кезінен Қытайдың «Батысқа саяхат» мультфильмін тамашалап ержетеді. 2009 жылы 16 жастағы Руслан Туленов Қытайда оқуға бел байлап, Хайнань университетінің дайындық курсына түседі. Екі жыл қытай тілін оқығаннан кейін ол HSK сертификатын тапсырып, Хайнань университетіне қабылданып, бакалавриаттағы оқуын бастайды. Жыл сайын Қытайға келетін шетелдік студенттердің саны жүз мыңнан асады. Руслан Туленов алғашында білім алуды мақсат еткен көп жастардың бірі болғанымен, қан доноры болуының арқасында жұртқа танылады.

Руслан Туленовтың Rh-теріс қаны Қытайда өте сирек кездеседі. Сондықтан мұндай қан тобы бар адамға қажетті қан көзі табылмаса, өміріне қауіп төнуі әбден мүмкін. Ол сырқат адамдарға көмектесу үшін өз еркімен қан банкіне ұсыныс жасап, телефон нөмірін қалдырып, науқасқа қан құю зәрулігі туғанда, донор болуды әдетке айналдырады.

2013 жылдың 7 қыркүйегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстандағы Назарбаев университетінде сөйлеген сөзінде Руслан Туленовтың Хайнань университетінің студенті кезінде ерікті қан тапсыруға қатысқанын жоғары бағалап, оны «Қытай мен Қазақстанның достық елшісі» деп атаған еді.

Хайнань университетінде оқып жүргенде Руслан Туленов пен Моңғұлиядан келген Герла бір көргеннен бір-бірін құлай сүйіп, бас құрайды.

2015 жылы университеттегі оқуын аяқтаған Руслан Туленов пен жұбайы Бейжің ғылым және технология университетіне магистратураға түседі. 2018 жылы Руслан Туленов пен Герла магистратураны бітіріп, жаңа өмір жолын таңдауға бет алады.

Хайнань еркін сауда порты салынады деген хабарды естігенде, онсыз да Хайнаньды сағынып жүрген Руслан Туленов сонда оралуды жөн санайды.

2019 жылы Хайнань халықаралық экономикалық даму мекемесі әлемнің түкпір-түкпірінен талантты жастарды қабылдай бастайды. Бірнеше шет тілдерін жетік меңгерген Руслан Туленов сынақтардан сүрінбей өтіп, осы бөлімнің алғашқы шетелдік қызметкері болып қабылданады.

Руслан Туленов «Мен басында комиссар болдым. Ал қазір жоғары басшы және жаһандық баспасөз қызметкеріне дейін көтерілдім. Соңғы үш жылдағы жұмысым өте сәтті болды. Хайнань қазір барған сайын әлемдік деңгейге көтеріліп, жаһандану үдерісіне шапшаң ілесіп келеді. Көптеген халықаралық және отандық кәсіпорындар осында инвестиция салып, кәсіби мамандар да топтасуда. Әрине, біз осы компанияларда қызмет атқара жүріп, көп білім үйрендік. Әрі қаншама достар да таптық»-, дейді қуанышпен.

Руслан Туленовтың айтуынша, Хайнань еркін сауда портының жаһандық қызмет көрсету желісіне 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін 9 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Сол сияқты 200-ден астам халықаралық және отандық кәсіпорындар Хайнаньда тұрақтаған. Ол өз жұмысы туралы мақтанышпен баяндап, ағымдағы жылдың 12 сәуірінде өзінің Хайнаньға қызметтік тексеріспен келген бас хатшы Си Цзиньпинмен кездескенін қуана жеткізді.

Руслан Туленов «Үстіміздегі жылдың 12 сәуірінде Хайнаньдағы Янпу портында Си Цзиньпин Төрағамен кездесіп, әңгімелесу мен үшін үлкен мәртебе болды»,- дейді.

Руслан Туленов сөз соңында «Қытай әлем елдері таланыттыларының осында келіп дамуын, Қытайды танып, халықтар арасында дәнекер болуын құптайды. Сондықтан мен Қытай өте ашық және бәріне құшағы кең ел деп ойлаймын»,- деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото