Маймыл шешегі Ухань Зертханасында жасалған деген ақпарат жалған

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 тамыз
Маймыл шешегі Ухань Зертханасында жасалған деген ақпарат жалған

Telegram чаттарында америкалық әзілкештің маймыл шешек вирусы АҚШ-тың ұлттық денсәулық институтының қолдауымен Уханьдағы Зертханада жасалды деген мәлімдемесі кеңінен тарады. Мұның бәрі-жалған.

Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake. Kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық Стенд-Ап Көмик Джимми Дордың медитсинәлық білімі жоқ, бұл саланың маманы да емес. Демек, оның осы тақырыптағы мәлімдемелеріне сенуге негіз жоқ. Сонымен қатар Джимми Дор ваксинацияға қарсы белсенді тұлға және әйгілі covid-диссидент.

Ол көпшілік алдында COVID-19 өлімге әкелетін ауру емес және іс жүзінде одан өлмейді, ал статистиканы дүрбелең тудыру үшін көтереді деп айтқан.

Бұл теорияны Health Feedback медитсинәлық порталының фактчекерлері жоққа шығарды. Оның маймыл шешек вирусы Ухань Зертханасында жасалды деген идеясы да дұрыс емес.

Ол Ухань вирусология институтының зерттеушілері бұған дейін маймыл шешегі вирусының генөмін ашу мақсатында жұмыс істегені туралы таралған жаңалыққа негізделген.

Шын мәнінде, бұл жерде күдікті ештеңе жоқ. Маймыл шешек вирусы 1958-жылы табылған және содан бері оны мамандар зерттеп келді.

Ол тудырған ауру ендемикалық мемлекеттерде таралды, олардың басым бөлігі Африка елдері болды. Кейде індет осы континенттен тыс жерлерде де тіркелді.

Мысалы, 2003-жылы АҚШ-та ірі індет ошағы анықталды. 2018 және 2019-жылдары маймыл шешегін Ұлы Британия мен Сингапур тұрғындары жұқтырған. Яғни, маймыл шешек вирусы жаңа емес, ол бұрыннан белгілі және ықтимал қаупы бар пәтөген.

Зерттеушілер оны зерттеумен айналысады және бұл жерде ерекше ештеңе жоқ. Ухань вирусология институтында маймыл шешек вирусы шынымен зерттелді.

Қызметкерлер оның генөмін ашу бағытында жұмыс істеді және олар Тізбектің үштен бірін анықтай алды.

Алайда, бұл ғалымдар вирус немесе оның штамдарын жасады дегеннің белгісі емес. Сонымен қатар тәуелсіз сарапшылар мен ғалымдар маймыл шешек вирусы қандай да бір Зертханада жасалуы мүмкін екендігіне ешқандай дәлел таппады.

Сарапшылар пәтөген табиғи түрде пайда болды және көп жылдан бері бар деген ортақ пікірде.

Демек, әзілкештің маймыл шешек вирусы Ухань Зертханасында жасалды деген тұжырымдары өтірік.

Маймыл шешегі-бұрыннан белгілі ауру, оның қоздырғышы қолдан жасалды дегенге ешқандай дәлел жоқ. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото