Үй жұмысын тек әйелдер ғана атқармайды!

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 тамыз
Үй жұмысын тек әйелдер ғана атқармайды!

2 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жас ағайынды егіздер 2015 жылы Ханчжоу қаласына келіп электронды коммерцияның якорлары болады. Кейінірек олар қаланың үй тазалығын істейтін саласы әлі де ақтаңдақ күйде екенін байқайды. «Үйге келіп тазалық қызметін атқаратындар негізінен қарт әйелдер болғандықтан, тазалық пен ұқыптылық күткендей нәтиже бермейді. Мысалы, апайлар кереует пен диван секілді ауыр жиһаздарды қозғай алмайды, биікке шығып шамның шаңын сүртіп, үй төбесіндегі тозаңды алуға да шамалары жете бермейді».

Осындай орайды байқаған ағайынды егіздер 10 000 юань ақша жұмсап, жоғары санатты кәсіби үй шаруашылығы қызметін үйреніп, өздерінің жеке клинингтік компаниясын құрады. Қазір компанияда 30 үй қызметшісі бар, барлығы дерлік 25 жас шамасындағы жігіттер. Осы уақытқа дейін олардың командасы Ханчжоу, Шанхай, Сучжоу және т.б. қалалардағы мыңдаған тұрғындарға қызмет көрсетті. Олардың ең қымбат тапсырысы кейде 60 000 юаньға дейін жетеді. Ал ай сайынғы кірістері 300 000 юаньды құрайды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото