- Барлық ақпарат
Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары туралы мәлімдеме жасады
3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына қарата мәлімдеме жасады. Мәлімдеменің толық мазмұны төмендегідей:
2 тамыз күні АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Қытай тарапының күшті қарсылығы мен дәйекті уәжін елемей, Тайваньға барды. Бұл бір Қытай принципі мен Қытай-АҚШ бірлескен үш коммюникесіне қайшы келіп, Қытай-АҚШ қатынастарының саяси негізіне елеулі әсер етті. Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығына, Тайвань бұғазының тыныштығы мен тұрақтылығына ауыр нұқсан келтірді және «Тайвань тәуелсіздігі» деп бөлшектенетін күштерге аса күрделі жалған дабыл берді. Қытай тарапы бұған үзілді-кесілді қарсылық танытып, қатаң түрде айыптап, АҚШ тарапына салмақты айыптаулар мен күшті қарсылықтарын білдірді.
Дүние жүзінде бір ғана Қытай бар. Тайвань Қытай территориясының ажырамас бір бөлігі. Ал Қытай Халық Республикасының үкіметі - бүкіл Қытайға өкілдік ететін жалғыз заңды үкімет. Бұл туралы 1971 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 2758 резолюциясында айқын көрсетілген. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан бері 181 мемлекет Қытаймен бір Қытай принципі негізінде дипломатиялық қатынас орнатты. Бір Қытай принципі – халықаралық қауымдастықтың жалпы консенсусы және халықаралық қатынастардың негізгі нормасы.
1979 жылы АҚШ тарапы Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы коммюникеде «Америка Құрама Штаттары Қытай Халық Республикасының үкіметін Қытайдың жалғыз заңды үкіметі ретінде таниды. Осы негізде американдықтар Тайвань халқымен мәдени, коммерциялық және басқа да бейресми қарым-қатынастарды сақтайтын болады» деп анық уәде берген болатын. АҚШ үкіметінің құрамдас бөлігі ретінде АҚШ Конгресі АҚШ үкіметінің бір Қытай принципін қатаң ұстануы және Қытайдың Тайвань аймағымен кез келген ресми алмасуларда болмауы керек. Қытай әрқашан АҚШ конгрессмендерінің Тайваньға келуіне қарсы болып келеді және АҚШ атқарушы билігі оның алдын алуға жауапты. Спикер Нэнси Пелоси - АҚШ Конгресінің қазіргі жетекшісі. Оның Тайваньға кез келген формада немесе қандай да бір себеппен сапары АҚШ пен Тайвань арасындағы ресми алмасуларды күшейтетін үлкен саяси арандатушылық болып табылады. Қытай оны ешқашан қабылдамайды және Қытай халқы бұған ешқашан келіспейді.
Тайвань мәселесі Қытай-АҚШ қарым-қатынасындағы ең маңызды, өзекті және нәзік мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта Тайвань бұғазындағы жағдай жаңа кезеңдік шиеленіс пен ауыр сынақтарға тап болуда. Басты себеп Тайвань билігі мен Америка Құрама Штаттарының қазіргі жағдайды үздіксіз өзгертіп отыруында. Тайвань билігі бірнеше рет «АҚШ-қа сүйеніп, тәуелсіздікке ұмтылды», «1992 жылғы консенсусты» мойындаудан бас тартты, «де-синизация» жүргізді және «Тайваньның біртіндеп тәуелсіздігін» алға тартты. АҚШ тарапы «Тайваньды Қытайды басқару үшін пайдалануға» тырысып, бір Қытай принципін үнемі бұрмалап, АҚШ пен Тайвань арасындағы ресми алмасуларды күшейтіп, «Тайвань тәуелсіздігі» деген бөлшектеушілік әрекеттерге қолдау көрсетуде. Бұл өте қауіпті, отпен ойнаған әрекет. Ал отпен ойнағанның қолы күйеді.
Қытай үкіметі мен Қытай халқының Тайвань мәселесіне қатысты ұстанымы ортақ. Ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты табандылықпен қорғау – 1 миллиард 400 миллионнан астам Қытай халқының басты мақсаты. Ал Отанның толық тұтастығын жүзеге асыру – барлық Қытай ұл-қыздарының ортақ мұраты мен қасиетті борышы. Халық тілегіне қиянат жасауға болмайды, орныққан үрдіс өзгермейді. Ешбір ел, ешбір күш немесе ешкім Қытай үкіметі мен халқының ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттің тұтастығы мен ұлттың ұлы гүлденуіне қол жеткізудегі күшті сенімін, берік ерік-жігерін және мығым қабілетін қате бағаламауы тиіс. Қытай тарапы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикерінің Қытайдың Тайвань аймағына келуіне қарата, ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты батыл қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайды. Осыдан туындаған барлық зардаптарды сөзсіз АҚШ пен «Тайвань тәуелсіздігі» бөлшектеуші күштері тартады.
Екі ірі ел ретінде Қытай мен АҚШ қатынасының оң бағыты - өзара сыйластық, бейбіт қатар өмір сүру, текетіреске жол бермеу және ынтымақтасып тең ұтысқа жету. Тайвань мәселесі толықтай Қытайдың ішкі ісі болып табылады, Сондықтан Тайвань мәселесінде басқа ешбір елдің төреші болуға құқығы жоқ. Қытай қатаң түрде АҚШ тарапын «Тайвань картасын» ойнап, «Тайваньды Қытайды басқару үшін пайдалануды» тоқтатуға, Тайвань істеріне және Қытайдың ішкі істеріне араласуды болдырмауға, «Тайвань тәуелсіздігі» бөлшектеуші күштерін әртүрлі әрекеттермен қолдап, қорғауды тоқтатуға және Тайвань мәселесінде екі жүзділікті тыюға, бір Қытай принципін бұрмалауды тоқтатуға, сонымен бірге бір Қытай принципі мен Қытай-АҚШ бірлескен үш коммюникесінің ережелерін нақты әрекеттермен ұстануға шақырады. АҚШ басшылары қабылдаған «Америка Құрама Штаттары Қытаймен «жаңа қырғи-қабақ соғыс» жүргізуге ұмтылмайды, Қытай жүйесін өзгертуге мүдделі емес, одақтық қатынастарды нығайту арқылы Қытайға қарсы тұруға әрекеттенбейді, «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамайды және Қытаймен қақтығысуға ешқандай ниеттенбейді» деген уәдесін орындауға қатаң түрде шақырып, қате, қатерлі жолмен кете бермеуге үндейді.
people.cn © People's Daily Online