Ван И мынаны баса айтты: Американың Тайвань мәселесіндегі опасыздығы оның ұлттық сенімін күйрете түсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 3 тамыз

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 2 тамызда Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің мәжілісіне қатысып, Орталық Азияға келген сапарында тілшілерге сұхбат беріп, Қытайдың Тайвань мәселесіне қатысты нақты ұстанымын баяндады.

Уаң И былай деді: «Бір Қытай принципі халықаралық қауымдастықтың жалпыға ортақ келісімі, Қытайдың басқа елдермен алмасуының саяси негізі, Қытайдың басты мүдделерінің өзегі, аттауға болмайтын қызыл жолағы. Америка Құрама Штаттарындағы кейбір адамдар (саясаткерлер) Тайвань мәселесінде Қытайдың егемендігіне қатысты сын-қатерлі пікір туғызып, бір Қытай саясатын белден басып, тіпті Тайвань бұғазында қолдан жасалған қиындықтар тудырды. Қытай халқы мұны ешқашан қабылдамайды, халықаралық қауымдастық та мұндай арандатушылық әрекеттерді келеке етеді».

Ван И сапар барысында барлық елдердің басшылары өздерінің кездесулері мен келіссөздерінде бір Қытай саясатын берік ұстанатынын және Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін құптайтынын, Қытайдың ішкі істеріне араласатын сыртқы күштерге қарсы тұруға әзір екендіктерін ашық айтқанын мәлімдеді. Демек, бір Қытай саясаты халықаралық қауымдастықтың халықтық ұмтылысы және берік үрдісі екені қайталай айқындалып отыр.

Ван И АҚШ тарапының Тайвань мәселесіне қатысты арсыз әрекеті аса өкінішті екенін, бұл АҚШ-тың ұлттық сенімін одан әрі күйреуге әкеп соғатынын атап өтті. АҚШ-тағы кейбір саясаткерлер тек өз мүдделерін ойлап, Тайвань мәселесінде ашықтан-ашық отпен ойнап, 1 миллиард 400 миллионнан астам Қытай халқының жауына айналды. Мұның соңы ешқашан жақсылыққа апармайды. АҚШ-тың өктем бет-әлпеті әлемге мәшһүр болды. АҚШ әлемге өзін бүгінгі бейбіт өмірдің шырқын бұзушы екенін әбден дәлелдеп берді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото