Алғашқы жеті айда Қорғас шекарасындағы коммерциялық көліктердің экспорты екі еседен астам өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 3 тамыз
Алғашқы жеті айда Қорғас шекарасындағы коммерциялық көліктердің экспорты екі еседен астам өсті

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Қорғас шекаралық бақылау бекетінің 1 тамыз күнгі хабарлауынша, биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында Қорғас шекарасы жүк көтергіштер мен жеңіл көліктер сияқты 25 581 коммерциялық көліктерді экспорттаған. Ол өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 128,91%-ға жоғарылады. Көлік құралдарын экспорттау көрсеткішінің артуы биылғы жылы шекара экспортының жаңа жетістігіне айналды.

Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі аймағындағы маңызды нүкте ретінде Қорғас шекарасы барған сайын дәнекер көпірі рөлін белсенді атқаруда. Қазіргі уақытта бұл жерден орта есеппен күніне 140-тан астам коммерциялық көліктер шет елдерге экспортталады. Күніне ең көп экспортталатын көлік саны 248-ге жеткен. Экспортталатын коммерциялық көліктер негізінен Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан сияқты «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге шығарылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото