Еліміздің 5G базалық станциялары әлемдегі жалпы станцияның 60%-дан астамын құрайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 3 тамыз

3 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың киберкеңістік әкімшілігі түрлі аймақтар мен ведомстволардың цифрлық дамуын қадағалап және бақылап, цифрлық Қытайдың даму деңгейін бағалау жұмыстарын жүргізіп, «Цифрлық Қытайдың даму есебін» (2021) құрастырды.

«Есепте» 2017-2021 жылдар аралығында елімізде интернетті пайдаланушылар саны 772 миллионнан 1,032 миллиардқа дейін өсіп, интернеттің қамту деңгейі 55,8 пайыздан 73 пайызға артқаны, әсіресе ауылдық жерлерде 57,6 пайызға көтеріліп, қала мен ауылдық жерлердегі интернетпен қамту деңгейінің айырмашылығы 11,9 пайыздық тармаққа қысқарғаны көрсетілген. 2021 жылдың соңына қарай еліміз 1,425 миллион 5G базалық станциясын салды. Бұл әлемдегі жалпы станцияның 60%-дан астамын құрап, 5G пайдаланушыларының саны 355 миллионға жетті. Елдің 300-ден астам қаласында 34,56 миллион гигабитті пайдаланушыларды қамтуға мүмкіндігі бар гигабиттік талшықты-оптикалық кең жолақты желілердің құрылысы басталды. Гигабиттік интернет ағынын пайдаланушылар ауқымы 34,56 миллионға жетті. Ауылдық және қалалық аумақтар «бірдей желі мен бірдей жылдамдыққа» қол жеткізді. Әкімшілік ауылдар мен кедейшілікті жоюға жататын ауылдардың 100%-ы кең жолақты, ал әкімшілік ауылдардың 99%-дан астамы оптикалық талшық пен 4G желісіне қосылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото