Ван И: Тайвань міндетті түрде отанға оралады деген тарихи үрдіс өзгермейді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 тамыз

4 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 3 тамызда Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Камбоджадағы АСЕАН Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысқан кезде, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Қытайдың Тайвань аймағына жасырын сапарлай барғаны «бастан аяқ бассыздық» екенін айтты. Отпен ойнаудың соңы жақсылықпен аяқталмайды, ал Жұңхуаға қиянат жасағандар міндетті түрде жазасын тартады.

Ван И: «Менің көпшілікке айтайын дегенім бұл жасырын сапар бастан аяқ қателік болды. АҚШ «демократия» деген желеумен Қытайдың егемендігін бұзу әрекеттеріне баруда. Қытайдың Тайваньындағы Цай Инвэнь бастаған топ Америка Құрама Штаттарының «буына мастанып», ұлттық әділеттілікке опасыздық жасауда. Бұл бұрмаланған әрекеттер бір Қытайдың халықаралық консенсусын өзгерте алмайды және Тайвань міндетті түрде отан құшағына оралады деген тарихи үрдіске бөгет бола алмайды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото