Қазақстан «Бір Қытай» қағидатын қолдайды - ҚР СІМ

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 тамыз
Қазақстан «Бір Қытай» қағидатын қолдайды - ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігі Тайвань бойынша ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтауды, атап айтқанда осы мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды», - делінген ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың Тайвань бойынша түсініктемесінде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото