Бағдарламалық қамтамасыз ету бизнесінің кірісі өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 тамыз

4 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі жариялаған статистика мынаны көрсетеді: Кең қолданбалы сценарийлердің пәрменді қолдауы және үлкен нарықтық сұраныстың арқасында, бірінші жартыжылдықта еліміздің бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологияларға қызмет көрсету индустриясы (бұдан әрі – бағдарламалық қамтамасыз ету өнеркәсібі) жақсы жұмыс істеуін жалғастырды. Бағдарламалық қамтамасыз ету бизнесінің кірісі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,9%-ға артты. Жалпы пайда айтарлықтай өсті, бағдарламалық қамтамасыз ету бизнесі экспортының өсуі жеделдеді.

Бағдарламалық қамтамасыз ету бизнесінің кірісі екі орынды өсуді сақтап, өнеркәсіптік ауқымдағы пайда тұрақты түрде жақсарды. Бірінші жартыжылдықта, еліміздің бағдарламалық қамтамасыз ету бизнесінің кірісі 4 626,6 миллиард юань болып, арту қарқыны алғашқы бес аймен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғарылады. Бағдарламалық қамтамасыз ету саласының жалпы табысы 489,1 миллиард юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға өсті. Алдыңғы бес аймен салыстырғанда өсу қарқыны 5,4 пайыздық тармаққа артты. Бағдарламалық қамтамасыз ету бизнесінің экспорты 25,6 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4,0%-ға ұлғайды. Ал өсу қарқыны өткен бес аймен салыстырғанда 1,3 пайыздық тармаққа жоғары болды.

Ақпараттық технологиялар қызметінен түсетін табыстың өсімі де тұрақталды. Бірінші жартыжылдықта еліміздің ақпараттық технология қызметінің кірісі 3029,6 миллиард юань болып, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,0 пайызға артып, өнеркәсіп кірісінің 65,5 пайызын құрады. Олардың ішінде бұлтты есептеулер мен көлемді деректер қызметтерінің жалпы табысы 479 миллиард юаньға жетіп, өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,3%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото