Теңіз өндірісінің жалпы құны 4 триллион юаннан асады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 тамыз

4 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 3-і күні Табиғи ресурстар министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, бірінші жартыжылдықта теңіз экономикасы тұрақтанып, қайта жанданды. Алдын ала жасалған есеп бойынша, бірінші жартыжылдықта теңіздің жалпы өнімі 4,2 ​​триллион юань болып, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,2%-ға артып, негізгі экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай көлемге жоғарылады.

Дәстүрлі теңіз өнеркәсібі де қалпына келу үрдісін жалғастыруда. Теңіздегі шикі мұнай мен табиғи газды өндіру өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда сәйкесінше 7,4%-ға және 12,4%-ға өсті. Жағалау порттарының жүк пен контейнерді өткізу әлеуеті өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,1%-ға және 3,0%-ға артып, мұхитпен тасымалданатын жүк көлемі 1,4% өсті. Құрастырылған кемелер, жаңа тапсырыстар мен қолдағы жасалып жатқан кемелер саны сияқты үш негізгі кеме жасау көрсеткіші әлем бойынша бірінші орынды сақтап тұр. Теңіз сыртқы саудасы жоғары өсу қарқынына ие. Теңіз тасымалының импорты мен экспортының жалпы көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,2%-ға өсіп, оның ішінде экспорт 23,1%-ға, импорт 11,5%-ға артты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото