- Барлық ақпарат
Ван И Тайваньға қатысты G7 мәлімдемесін қатаң түрде жоққа шығарады
5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 2022 жылғы 4 тамызда Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Пномпеньде өткен Шығыс Азиядағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған Сыртқы істер министрлерінің жиналысында G7 ведомствоның Тайваньға қатысты мәлімдемесін қатаң түрде жоққа шығарды.
Ван И Тайвань бұғазындағы шиеленістің қыр-сыры айқын, дұрыс-бұрысы анық екенін айтты. Дау мен дағдарысты Америка Құрама Штаттары тудырып отыр. Шиеленісті ушықтырған да Америка Құрама Штаттары. АҚШ-тың ашық арандатуы жағымсыз прецедент қалыптастырды. Егер бұл түзелмесе және оған қарсы тұрмаса, ішкі істерге араласпау принципі қайда қалмақ? Халықаралық құқықты сақтау керек пе? Аймақтық бейбітшілікке кепілдік бар ма?
Ван И: «G7 елдері Сыртқы істер министрлерінің оң-терісті ажыратпай, ақ пен қараны алмастырып, Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға бағытталған заңды шараларын негізсіз айыптауға кім құқық берді? Олардың мұндай әрекетінің негізі қандай? Құқық бұзушыларды қорғап, құқық қорғаушыларды айыптау көзсіздік емес пе!».
Ван И: «G7-дің қате әрекеттері Қытай халқының үлкен наразылығын тудырды. Қытайдың және басқа елдердің егемендігі мен тәуелсіздігі елдің қанды күресімен келген. Оның себепсіз бұзылуына ешқашан жол берілмейді. Бүгінгі Қытай XIX ғасырдағы Қытай емес. Тарих қайталанбауы керек, қайталанбайды да!».
Ван И былай деді: «Халықаралық қауымдастық бір Қытай қағидасына қарсы болатын кез келген әрекеттерге ашық түрде қарсылық көрсетіп, барлық елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға тойтарыс беруі тиіс. Аймақ елдері бірігіп, гегемонияның кең етек алуына қарсы тұруы қажет. Тек сонда ғана біз өз қауіпсіздігімізді, аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты шынайы қорғай аламыз».
people.cn © People's Daily Online