Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы бір Қытай принципін ұстанатынын мәлімдеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 тамыз
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы бір Қытай принципін ұстанатынын мәлімдеді

5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Үстіміздегі жылдың 3 тамызында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Қытайдың Тайваньына жасырын сапарлай баруына қатысты, бір Қытай принципін ұстанатынын жеткізді.

БҰҰ-ның Азық-түлік, энергетика және қаржылық дағдарысқа қарсы әрекет ету жөніндегі жаһандық тобының есеп беру конференциясында журналистер Нэнси Пелосидің Қытайдың Тайваньына сапары туралы сауал жолдады. Оған Антонио Гутерриш: «Біздің ұстанымымыз өте айқын. Біз БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларын және бір Қытай принципін ұстанамыз. Біздің барлық әрекеттеріміз осыған негізделген», - деп кесімді жауап берді.

1971 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының 26-ншы Бас Ассамблеясы басым дауыспен Қытай Халық Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы барлық құқықтарын қалпына келтіру туралы шешкен 2758 резолюция қабылдады. Сонымен бірге Қытай Халық Республикасы үкіметінің өкілдерін Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қытайдың бірден-бір заңды тұлғалары деп таныды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото